Қазақтың тұңғыш тау-кен инженер-геологі Қаныш Сәтбаевтің туғанына биыл - 125 жыл. Осыған орай, Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы танымдық шара ұйымдастырып, оған ҚР жер қойнауының "Құрметті барлаушысы" Қуаныш Маджанов қонақ болды.