Тәжірибелі бизнесмендер мен кәсібін бастауға ниеттілер бір шарада бас қосты. Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өткен ашық есік күнінде мемлекеттік орган қызметкерлері жаңадан кәсіп ашқысы келетін тұрғындарға кеңес беріп, бизнес құрудың жолдарын айтты.