Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауында болашақта электр энергиясының тапшылығына ұрынбау үшін елімізге АЭС салу қажеттігін айтқан. Десе де, соңғы шешімді халық референдум арқылы өзі қабылдау керектігін атап өтті. Осыған орай, облыста АЭС салу мәселесі жөніндегі халықтық штаб құрылып, ел арасында түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Бүгін Атырау облыстық мәслихат депутаты Саламат Идрисов бастаған штаб мүшелері “APEC PetroTechiс» жоғары колледжінің ұжымымен кездесті.