6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға дайындық қызу. Халықтық штаб өкілдері қазір жан -жақты үгіт -насихат жұмыстарын бастады. Бұл жолы олар Жаңаталап ауылының халқымен жүздесті. Кездесуде Қуат көзінің тиімді тәсілі саналатын АЭС төңірегінде ақпарат беріп, халықтың пікірін тыңдады.