Мерейлі отбасы" байқауы арқылы өңір намысын қорғаған, жүзден жүйрік деп танылған үздік отбасыларды таныстыру легін бүгін де жалғастырамыз. Сайыс 10 жылдық тарихында ерекше есте қалған жанұялардың бірі, индерлік Тілекқабыловтар отбасы. Сол кездері республикадан бас жүлде иеленген бұл отбасыға Президент микроавтобус сыйлаған еді. Осыдан-ақ дәстүрлі шараға рухани жағынан да, материалдық тұрғыдан да қолдау көрсетілетінін аңғаруға болады.