Атырауда судағы химиялық энергияны, электр энергиясына алмастыратын құрылғы жарық көрмек. Бұл темір тұлпарлардағы аккумулятордың орнын алмастырмақ. Артықшылығы, күнделікті газды талап етпейді. Бір мәрте пайдаланылған сұйықтықты бірнеше айға дейін қолдануға болады. "Электрлі сутекті су ұяшық " деп аталатын жобаны химия пәнінің мұғалімі шет елде өткен ғылыми шарада қорғап үлгерген.