Мемлекеттік қызметкер әуелі әдепті болуы керек. Бұл мәселені ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Илхам Ахметов атыраулық әріптестерімен семинар өткізу кезінде айтты. Жиында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы мен этика нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы да қаузалды.