Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру жөнінде жиын өтті. Оған депутаттар, басқарма басшылары, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері, қала және аудан әкімдері қатысты. Жиында Жолдауда айтылған маңызды міндеттер сөз болды.