«Қаныш Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым». Дәл осындай атаумен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Академик Қаныш Сәтпаевтың 125-жылдығына арналған іс-шарада жергілікті және шетел профессорлары қатысып, баяндама жасады.