Махамбет ауданы тұсындағы Жайық өзеніндегі судың деңгейі орташа есеппен тәулігіне 5-10 сантиметрге көтеріледі. Бүгін өзен суының деңгейі 6 см-ге жетіп,осылайша 721 см-ді құрады. Қауіпті деңгей – 850 сантиметр. Бөгеттерді нығайту жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардан 153 техника, 150 ауыл азаматтары , 656 әскери жауынгер жұмылдырылған.