Қиын кезде ел арасында лаң салып, араңдатушылққа жол беретін азаматтар көбейіп кетті. Осыған орай, Жылыой ауданында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, халыққа қолдау көрсетіп жатыр. Қоғамдық штаб қиын кезеңде елдің бірлігін сақтау және халыққа дұрыс ақпарат беру мақсатында құрылды.Соңғы екі аптада 3000-нан астам адамды қабылдап, кеңестер бердік" деді Ерқұл Дәулетбаев.Штаб құрамында заңгерлер, нотариус, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, кәсіпкерлер, белсенділер бар. Барлығы 17 адамнан тұратын штаб тасқыннан зардап шеккендерге құқықтық - консультациялық қызмет көрсетуде". Қоғамдық штаб гуманитарлық көмекті төрт пункт арқылы таратуды, дәрі-дәрмекті сырқат адамдарға медициналық қызметкер арқылы жеткізіп отыру мәселесін де жолға қойған.Еске сала кетелік,Қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет көрсетуде. Байланыс телефондары: 8 700 245 9329, 8 775 711 8354, 8 775 361 1438