Мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленетін отбасыларға қолдауды мейлінше күшейту қажет. Бұл Ерекше ана – ерекше 16+» қоғамдық қорының басшысы Гүлжан Хұсайнованың пікірі. Айтуынша, Қазіргі таңда мұндай балаларды қоғамның бір бөлшегіне айналдыру жолында жүргізіліп жатқан жұмыстар аз емес. Сондықтан «әр бала қоғамға жеңіл бейімделіп, ортада өзін емін-еркін сезінуі үшін жүйелі жұмыстар қолға алыну керек» - дейді.