Құрманғазы ауданы Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр. Қазір төтеншеліктер бар күштерін салып, өртті сөндіруде. Алайда қызыл жалын ырық бермей тұр. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір өрт сөндірушілер төрт түлікті қауіпсіз жерге көшірген. Әзірге өрттің себеп салдары анықталып жатыр.