Жем тасығанда Атырау облысының Жылыой ауданы да суға батқан. Ақтөбе өңіріндегі Мұғалжар тауынан бастау алатын Жем өзені Құлсары қаласындағы 3 мыңға жуық тұрғын үй мен түрлі нысанды көлкілдегін су астында қалдырды. Құлсарыдан 35 мыңға жуық адам, арасында 7 мыңнан астамы бала бар, 20 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілген. Төрт адам мерт болды.

Үйлерін көріп келеміз деп шыққан әкелі-балалы тоғыз күннен соң үйлерінен бір шақырым қашықтан 1,5 метр терең судан табылды. Тағы екі ер адамның – олар да үйлерін көруге шыққан, мінген тракторы аударылған...