Махамбет ауданы аумағында рапс жапырық жемірі мен шалғын көбелек құрты шаруашылықтарға қауіп төндіріп тұр.Бүгінде аудан орталығында зиянкестердің таралу ошақтары анықталды.Аумақтық инспекция мен әкімдіктің тікелей бақылауымен қорғау шаралары жүргізілуде.Зиянкесті дәл анықтау үшін фитонсанитар мамандар сынама алып, шаруашылық иелеріне түсінік жұмысын жүргізді.