Бүгін Чернобль атом станциясындағы апатына 38 жыл. Жойқын техногендік апаттың салдарын жоюға елімізден 32 мыңнан аса азамат аттанса, Қалдықтарды жойып, халықты құтқару жұмыстарына 1500 атыраулықта қатысты.Қазір олардың тек 150 нің ғана көзі тірі. Осы ретте облыстық Чернобыль ардагерлер қоғамының мүшелері апат салдарын жоюға қатысқан әріптестерін еске алып,олардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.