Махамбет ауданында тасқын суға қарсы дайындық жұмыстары әлі де жалғасуда. Жайық өзені бойында орналасқан 17 елді мекеннің аумағында 65,4 шақырым бөгет жөнделіп, 25,7 шақырым жаңадан бөгет соғылды. Ерікті тұрғындардың көмегімен 1 миллионнан аса қапшық қапталды.Жаға бекіту жұмыстарына 108 техника, 651 сарбаз, 200 төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері, 320 ерікті жұмылдырылды.