Бүгінде облыста кәсіпкерлік саласында мемлекеттік тілдің үлесі артып келеді.Соңғы 5 жылда өңір кәсіпкерлерінің 80 пайызға жуығы қазақ тілді қызмет көрсетуге көшкен.Кәсіптен нәсіп табуды көздеген табысты кәсіп иелері ана тіліміздің дамуына одан әрі үлес қосамыз дейді. Кәсіпкер Асылбек Насимовтың айтуынша әсіресе Көрнекі ақпарат пен жарнамалық тапсырыстарды қазақ тілінде берушілердің саны едәуір артқан.Сонымен қатар,кәсіптерін қазақ тілінде жүргізетіндердің арасында өзге де ұлттың өкілдері де көбейген.