Еркінқала тұрғындары су тасқынына қарсы шараларды қарқынды жүргізіп жатыр. Халықтан бөлек, қазір Жайық өзенін бекіту жұмыстарына ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылды. Бас аяғы 200-ден аса әскер тартылған. Қазір олар бел жазбастан 16 шақырым бөгет соқты.