Алмалы ауылдық округіне қарасты ауылдар мен бау-бақша учаскелерінде жаға бекіту жұмыстары жалғасуда. Береке ауылындағы бөгеттің бүгінде 60 %-ы аяқталған. Жұмыстарға мәдениет саласы және төтенше жағдай департаменті өкілдері, әскерилер, ауыл тұрғындары мен еріктілер жұмылдырылған. Тақырыпты толығырақ Гаухар Нұрлыбекқызы тарқатсын.