Су полициясы тұрғындарды эвакуациялауға көмектесуде. Қызылқоға ауданында тасқын су айналма жолды шайып кетіп, бір шақырымнан астам қашықтықта жол қозғалысы тоқтады. Қазіргі таңда су полициясының қызметкерлері ауданға келген гуманитарлық көмекті моторлы қайықпен жеткізіп жатыр.Сондай-ақ Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғын моторлы қайықтардың көмегімен эвакуацияланды. Таңнан бері Көздіқара елді мекенінен тағы 30-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге жеткізілді.