Наурыз мейрамына орай ерлер түрмесінде ашық есік күні өтті. Араға 6 жыл салып ұйымдастырылған бұл күні темір тордың ар жағындағылар өзінің туған туыстарымен жақынырақ кездесуге мүмкіндік алды. Жазасын өтеп жатқандарға келген отбасы мүшелері мейрам күні жақындарымен қауышып, бір жасап қалды.