Қиын сәтте көмекке келгендердің арасында ересектерден бөлек мектеп оқушылары да өз үлестерін қосып жүр. Солардың бірі 8 сынып оқушысы - Дарын Қайыржанұлы. Ол сабақтан кейін, Жайық өзенін бекітуге қолұшын созуда. 2 аптадан бері еріктілікпен айналысып жүрген жас өрен ешқандай қиындық емес, қайта аз да болса септігім тигеніне қуаныштымын дейді, Дарын. Қапшық бетін ашып, азаматтарға ыстық тамақ үлестіруде.