Биыл облыста 169 мәдени іс шара ұйымдастырылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы АОФ жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Басқосуда мәдениет және спорт басқармасының жұмыс жоспарлары талқыланып, «Мирас» кеңесінің құрамындағы толықтырулар мен өзгерістерді бекітті.