Атырауда безбүйрек ана екі баласын саудалаған. Екеуінде шақалақ күйінде сатып жіберген. Әуелі ол бір отбасыға баласын сатады. Кейін біраз уақыт өткен соң тағы жүкті екенін біліп, болашақ дүниеге келетін нәрестесін сату туралы екі отбасымен уағдаласқан. Олардан алдын-ала 2 миллион 300 мың теңгесін қалтаға басып, ізін суытқан. Дүниеге келмеген сәбиді пайда көзі ретінде көрген әйел өзге отбасылық жұпқа баласы сатып жіберген. Олар сәби туғанша әйелдің шотына ақша аударып отырыпты. Баланы сатып алған екі отбасы әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырып үлгерген. Бірақ бөбектің қызығын көре алмады. Баласын сатқан келіншек пен сатып алған екі ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты. Келіспеген олар аппеляциялық шағым түсіргенімен, сот алқасы өзгеріссіз қалдырды.