Заңды белшеден басқан тентек жүргізуші 327 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады. Құқықбұзған азаматты тәртіп сақшылары ."Қауіпсіз жол" іс-шарасы кезінде анықтаған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері маркасы Toyota Camry автокөлігін күдік тудырғанын байқап, патрульдік полицейлерге бағыттама берген. Сөйтіп, автокөлікті тексеру кезінде азаматтың 5 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды. Сондай-ақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды. Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.