Аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Облыс әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың арасында Береке ықшамауданындағы Ану-1 бау-бақша қоғамдастығының тұрғындары бар. Олар өз қаражатына сатып алған трансформаторды қала әкімдігінің теңгеріме беруге ықпал етуді сұрады.Серік Шәпкенов жауапты басшыларға трансформаторды қала әкімдігінің теңгеріміне алу үшін тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды. Оған қоса қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізу жұмыстары аяқталған соң, Ану-1 бау-бақша қоғамдастығы нысаналы мақсаты тұрғын үйге ауысса ғана инженерлік-инфрақұрылым жүргізіп, автокөлік жолын салу жоспарда бар екенін айтты.Сондай-ақ кездесуде жер телімін бөлу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, әлеуметтік көмек көрсету, несие өтеп беру, тұрғын үй кезегін жылжыту сынды мәселелер қаралды.Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Оларға баспана заң аясында кезек реттілігімен ғана берілетіні түсіндірілді.

Облыс әкімі бүгінге дейін 59 қабылдау өткізіп, 800-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады.