БАЛАБАҚША КЕЗЕГІ 40 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРДЫ
Биыл Атырауда балабақша кезегі 40 пайызға қысқарған. Бұған өткен жылдан бері енгізілген ваучерлік қаржыландыру жүйесі мүмкіндік беріп отыр. Жаңа тетік бойынша қаражат нақты сұранысқа қарай бөлініп, ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымды таңдау мүмкіндігі берілген. Өңірдегі пилоттық жобаға 151 мемлекеттік және 164 жекеменшік балабақша қатысып отыр.