Қоқысқа толған аялдамалар: биыл 160 шағым түскен
Аялдамалар қала тұрғындары көп жиналатын қоғамдық орындардың бірі. Алайда, олардың тазалығына қатысты шағымдар көп. Кей аялдамаларда шашылған қоқыс, сынған әйнек пен түрлі жазулар көзге түседі. Тіпті, паналаған азаматтарды да кездестіруге болады. Жалпы тазалық жұмыстары қаншалықты жиі жүргізіледі? Тұрғындардан түскен шағымдар қалай қаралады? Әріптесім Лаура Кисметованың сюжетінде.