ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Өңірде балалар мен ата-аналардың құқықтарын қорғауға арналған қоғамдық қабылдау өтті. Жиын барысында баланы балабақшаға орналастыру, баспанадағы жылу мәселесін шешу, емделу ақысын өтеу және қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қабылдауға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері мен сала мамандары қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.