АТЫРАУДА ЖАҢА ЖАТТЫҒУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Атырауда Олимпиадалық спорт түрлері бойынша резерв даярлайтын жаңа жаттығу орталығы ашылды. Заманауи нысанда жас спортшыларға бірнеше спорт түрімен шұғылдануға мүмкіндік жасалған. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Болат Ақшолақов және спорт саласының мамандары мен спортшылар қатысты.