БИЫЛ 4 МЫҢНАН АСТАМ НӘРЕСТЕГЕ ЕКПЕ САЛЫНДЫ
Биыл облыста 4 479 сәби дүниеге келген. Оның 4 146-сына ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес қажетті вакциналар салынған. Мамандар вакцинация балаларды бірқатар жұқпалы аурудан қорғаудың тиімді тәсілі екенін айтады. Екпе баланың ағзасында ауру қоздырғыштарына қарсы иммундық қорғаныс қалыптастырады. Сондықтан дәрігерлер ата-аналарға вакцинациядан негізсіз бас тартпауға кеңес береді. Ал балаларға екпе салу тәртібі қандай және ата-аналар нені білуі керек? Лаура Кисметова айтып береді.