ӨҢІРДЕ 9 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Өңірде оқушылардың қабілеті мен қызығушылығына сай білім беретін бейіндік мектептер жұмыс істейді. Солардың бірі – Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі. Білім ордасында жас спортшылар жалпы білім алып қана қоймай, таңдаған спорт түрі бойынша кәсіби дайындықтан өтеді. Бүгінде 201 оқушы білім алып, спорттық шеберлігін шыңдап жүр.
Жас спортшылардың оқу мен жаттығуды қатар алып жүруіне қандай жағдай жасалған? Сюжеттен көрейік.