ҚР Еңбек сіңірген әртісі Төлеген Қыздарбайұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Боз кілемде белдесіп жеңістен үмітті палуандар саны 100-дан асады. Дені облысқа қарасты аудандардан келген қатысушылар. Бұл турнирдің бір ерекшелігі жүлделі орын алғандар бірден спорт шеберлігіне үміткер атағын алады. Мақсат ұлттық қазақ күресін жастар арасында кеңінен дамыту дейді ұйымдастырушылар.