Республика бойынша 14 тамыз -30 қыркүйек аралығында учаске жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат - құқық бұзушылықтың алдын-алу және полиция қызметінің имиджі мен беделін арттыру. Осыған байланысты өңірімзде рейд жүргізілуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері өздеріне тиесілі учаскені аралап, жарнамалау мақсатында визиткалар таратты. Қалада күн сайын жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу үшін 146 ішкі істер органдары қызметкері тартылды, оның ішінде 128-і жергілікті полиция қызметкері. Іс-шара барысында 264 пәтердің заңсыз жалға берілгені анықталып, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 41 тұлға ұсталған. Құқық бұзушылық жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған 600-ге жуық жасөспірім ұсталды.