Өңірде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлер көрмесі өтті. 60-тан астам кәсіпкер өз өнімдерін халыққа ұсынып, жетістіктерімен бөлісті. Аталған шара ҚР премьер-министірінің Еңбек күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.