Өңірде жұмыртқа қымбаттады. Соңғы екі айда ғана азық-түліктің бұл түрінің бағасы - 15 пайызға дейін көтерілген. Өйткені, облыстағы жұмыртқа өндіретін жалғыз фабрика жұмысын тоқтатқан. Сәйкесінше, саудагерлер өнімді көрші облыстардан жеткізіп, бағасын да көтеріп қоя бастаған. Ал "мемлекеттен қолдау жоқ" деген кәсіп иесі, фабриканың жұмысын қайта жандандыру үшін бюджеттен 800 миллион теңге қажет дейді.