Негізгі Жаңалықтар ЧАПАЙ ЗҰЛҚАШТЫҢ ҮЙІНЕ МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

ЧАПАЙ ЗҰЛҚАШТЫҢ ҮЙІНЕ МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Белгілі режиссер, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Чапай Зұлқаштың тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды. Атыраудың абызы атындағы І республикалық режисерлар мен сценографтардың фестиваль - форумы осылай басталды. Шараға келген тұлғаның үзеңгілестері, әріптестері, шәкірттері, бауырлары талантты жанның қызмет барысындағы естеліктерімен бөлісті. 1938 жылы Исатай ауданы, Орпа ауылында дүниеге келген сахна шамшырағы «Ерен еңбегі үшін» медалінің , «Құрмет» орденінің, Республикалық Махамбет сыйлығының, бірнеше мәрте Президент стипендиясының иегері атанған. Естеріңізге сала кетейік, форум ағымдағы айдың 7 - 10 күндері аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.



Бөлісу