Облыс әкімі ғылыми - зерттеу саласындағы жұмыстармен танысты. Жиында мұнай - газ саласындағы даму стратегиясы талқыланды. Сондай - ақ көрші Ресеймен, екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастық мәселелері де қаралды. Өңір басшысы, мұнай саласындағы кадр маңыздылығына айрықша тоқталды. Жергілікті азаматтардың жетекші орындарда қызмет етуіне жағдай жасау керектігін айтты. Орталықтардың әкімдікпен тығыз байланыста болуы маңызды. Сондықтан мұндай үлкен қадамға, ғылым ордаларының ықпалы зор деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.