Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай колледж студенттеріне арналған танымдық сағат өтті. «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында өткен іс-шара Аманат партиясы мен колледж оқытушыларының ұйымдастыруымен болды. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Танымдық сағаттың мақсаты - бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, санасына тарихи шындықты жеткізу, өткеннің ауыртпашылықтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында мұндай зұлматты болдырмауды міндеттейді.