Атырауда дәрігер, педагогтармен қатар автобус жүргізушілері де тапшы. Ал қоғамдық көліктердің жағдайы өте нашар. Гигиеналық талаптарға сай келмейді деген қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті автопарк өкілдерін сынға алды. Ал жауаптылардың сөзінше, халықтың бұған көнуіне тура келеді. Өйткені, өңірде жолаушылар тасымалында бәсекелестік жоқ. Егер, жергілікті автопарктердің қызметінен бас тартса, халық автобуссыз қалатын көрінеді