31 мамыр саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай облыстық және қалалық әкімдіктегілер, саяси партия, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар, этно-мәдени бірлестік өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен қала жұртшылығы саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. Олар ашаршылық кезінде құрбан болғандарға тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың ұрпақтары қатысты.