Облыс әкімі Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесті. Жиынға 50-ге жуық азамат қатысып, әлеуметтік мәселелерді көтерді. Кездесуде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Талғат Сагитов, облыстық басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының директоры да қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.