Атырауда 23 мен 26 мамыр аралығында астаналық дәрігерлер 20-ға жуық күрделі ота жасайды. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының білікті дәрігерлері қазірдің өзінде 16 операцияны сәтті аяқтады. Өңірге арнайы келген ақхалаттылар операция жасаудың жаңаша тәсілдерін жергілікті дәрігерлерге де үйретуде. Сондай-ақ емдеу және сауықтыру бойынша тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді оқытады. Тілші тарқатсын.