Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан мұнай өнеркәсібінің көшбасшысына айналған «Теңізшевройл» кәсіпорны отыз жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінде кәсіпорын «Отыз жылдыққа-отыз шара» жобасы бойынша, небір шараларды жүзеге асыруда. Соның айқын дәлеліндей, өткен сенбі күні кәсіпорын Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының қолдауымен Жылыой ауданында облыстық ақындар айтысын өткізді. Кең Жылыойда өткен айтыс ақындарының сайысынан тілшіміздің хабарын назарларыңызға ұсынамыз.