Қала іргесінде орналасқан «Геолог», "Рембаза" шағын аудан тұрғындары да наурыз тойын тойлаудан қалыс қалмады. Геолог мәдениет үйі, қоғамдық қор және кітапхана ұжымдары бірлесіп наурыз мейрамын атап өтті. Мерекелік шарада киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған ұлы күнде ұлттық ойындар насихатталды. Қыздар мың бұрала би билеп, әжелер халық әндерді орындап тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.