Махамбет атындағы академиялық драма театрында «Қорғансыздың күні» трагедиясының алғашқы премьерасы өтті. Ол - Мұхтар Әуезовтің 1921 жылы «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Қойылымда оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін, бейшара жандардың тұрмыс-тіршілігін азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі жеткізілді. Өмір шындығы, замана сипаты тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыз өмірі сипатталады. Қорғансыз жандардың шарасыздығын пайдаланғандардың жауыздығы баяндалды.