Биыл Наурыз кең көлемде тойланды. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін барлығы түгел қаладағы Махамбет-Исатай алаңына жиналды. Шат-шадыман көңіл күйге бөленген атыраулықтарды облыс әкімі Серік Шәпкенов арнайы келіп құттықтады. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған думанды тойда өнерпаздар күмбірлете күй төгіп, мың бұрала би билеген бишілер тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.