Көрісу мерекесіне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында Иран Ғайыптың «Сүйінбай» драмалық эпос жанрындағы қойылымы сахналанды. Тарихи драманың бас кейіпкері - қазақ айтыс өнерінің атасы, атақты жырау, тарихи тұлға Сүйінбай Аронұлы. Оқиғалары негізінен ХІХ ғасырдың орта тұсында қырғыздың әйгілі ақыны Қатағанмен айтысы төңірегінде өрбитін қойылымда Жырау нағыз толысқан, үлкен қайраткер деңгейіне көтерілген кезінде көрінеді.Толығырақ бейнематериалда.