Саяси науқанның әділ әрі ашық өтуіне жағдай жасау, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу жұмыстары пысықталды. Барысында, байқаушылардың сайлау учаскелеріндегі орны дұрыс қарастырылмаған. Аталған кемшілік Исатай ауданында өткен семинар кезінде анықталған. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді. Үгіт - насихат кезеңі мен сайлау учаскелерінің дайындықтары туралы тілші тарқатсын.